ТҰЙЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ

Жабық кеңістікте қалай жұмыс жасау керегін білесіз бе?
Қандай қауіптер кездесуі мүмкін?

Біз қызметі жабық кеңістікпен тікелей байланысты адамдарға 8 маңызды сұрақ дайындадық.
Видеоны көрдіңіз, қауіпсіздік саласындағы біліміңізді арттырдыңыз! Ал енді бөлімшеңізге жеңіске жетуге көмектесіңіз – форманы толтырыңыз!
Тұйық кеңістік – бұл барлық жағынан тұйықталған, кірулер мен шығулар қиындатылған немесе шектелген және олар арқылы жылдам өтуге кедергілер бар орындар
ТҰЙЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ
  • Жүргізу кезінде жұмыс аймағына жарылу және өртке қауіпті немесе зиянды булардың, газдардың шығуына және жарылуға, жануға әкелетін, адам ағзасына зиянды әсер ететін технологиялық жабдықты, коммуникацияны, оның ішінде ыдыстың ішін (резервуарлар, цистерналар, коллекторлар, құдықтар, ыдыстар және соған ұқсас басқа да орындар) қарау, тазалау, жөндеу және бітемесін ажыратумен байланысты жұмыстар, оттегі құрамының жеткіліксіздігі (көлемдік үлесі 20%-тен төмен) жағдайындағы жұмыстар рұқсат-наряд бойынша жүргізіледі.
  • Тұйық кеңістікте жұмысты бастарға дейін және жұмыс уақыты ішінде оның табиғи немесе мәжбүрлі желдетілуі қамтамасыз етіледі.
  • Ашылуы, тексерілуі, тазалануы немесе жөнделуі тиіс резервуарлар, ыдыстар, аппараттар, құдықтар және т.б. өнімнен босатылуы, жұмыс істеп тұрған жабдықтан және құбырлар жүйесінен стандартты тұмшамен ажыратылуы (рұқсат-нарядқа қоса берілетін сызбаға сәйкес) және онда болған химиялық өнімдердің қасиеттеріне қарай, жуылуы, қатты бумен булануы, инертті газбен және таза ауамен үрленуі тиіс.
  • Жұмыс аяқталғаннан кейін люктерді жабар алдында резервуар, ыдыс, аппарат, құдықтың және т.б. ішінде адамдардың, құрал-саймандардың, материалдардың және бөгде заттардың болмауына көз жеткізу қажет.
Сіздің жауаптарыңызды есептеп, бөлімшеңізді жеңіске жақындату үшін форманы толтыруды өтінеміз:
Аты-жөні
Құрылымдық бөлімше
БӨЛІСУ
Әріптестеріңізді қатысуға шақырып, бөлімшеңіздің жеңіске деген
мүмкіндігін арттырыңыз!