БИІКТІКТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ

Сәлеметсіздер ме «Қауіпсіз болашақ» марафонының қатысушылары.

Бүгін биіктіктегі жұмыс туралы сөйлесеміз. Сіздерге бірнеше сұрақтар дайындап қойдық. Ал қызығырақ болу үшін сіздермен бірге жас көмекшілеріңіз жауап береді.
Видеоны көрдіңіз, форманы толтырыңыз! Сіздің бөлімшеңізден қаншалықты көп қатысушы форма толтырса, жеңіске деген мүмкіндіктеріңіз соншалықты көп болады.
Биіктікте жұмыстарды жүргізу кезінде құлаудан қорғау үшін тиісті шаралар қабылдау қажет.
1,3 метрден артық биіктіктен құлау қауіптері бар, қорғалған аумақтардан тыс жерде жұмыс жүргізу кезінде құлаудан қорғайтын қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
БИІКТІКТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ
  • Биіктіктегі жұмыстарға уақытша қоршаулармен қоршалған биіктігі 1,3 м және одан астам әрі биіктіктің алмасу шекарасынан 2 м кем қашықтықта орналасқан жұмыс орындары мен оларға өту жерлері жатады.
  • Биіктіктегі жұмысты бастамас бұрын жұмыс орнының жай-күйімен және оған жақындау тәсілдерімен танысу керек, сонымен қатар қауіпсіздік құралдарын пайдалану әдістерін зерттеу тиіс.
  • Баспалдақтар мен сатыларды тікелей жұмыс жетекшісі (шебер) тексеру керек. Ақаулы баспалдақтар мен сатыларды ауыстыру қажет.
  • Жоғарыдан материалдар, құралдар құлауы мүмкін аймақ қоршалуы керек, оған бөгде адамдардың кіруіне жол берілмеуі және қауіпсіздік белгілері ілінуі керек.
  • Биіктіктегі жұмыстар жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құралдар мен құрылғылардың (құрылыс сатылары, төсеме тақтайлар, төсеніштер, ілептін алаңшалар, телескопиялық мұнаралар, шығыры бар ілетін тіректер, баспалдақтар және басқалар) көмегімен орындалуы керек.
  • Барлық мамандықтардың жұмысшылары саты қойып биіктікте қысқа мерзімді жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік белдіктерімен және қажет болған жағдайда қауіпсіздік каскаларымен қамтамасыз етілуі керек.
Сіздің жауаптарыңызды есептеп, бөлімшеңізді жеңіске жақындату үшін форманы толтыруды өтінеміз:
Аты-жөні
Құрылымдық бөлімше
БӨЛІСУ
Әріптестеріңізді қатысуға шақырып, бөлімшеңіздің жеңіске деген
мүмкіндігін арттырыңыз!