ТИЕУ-ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Сәлеметсіздер ме, «Қауіпсіз болашақ» марафонының қатысушылары

Бүгін біз тиеу-түсіру жұмысы бойынша ережелерді қаншалықты жақсы білетінімізді тексереміз. Ол үшін бізге қасқыр көмектеседі! Эх, алтын ережелерді білсе немесе «Қауіпсіз болашақ» марафонына қатысса, өмірі қалай жеңілдейтін еді.
1 СҰРАҚ:

Машиналардың көмегімен жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстары қолданыстағы электр беру желілерінің қорғау аймағында жүргізіледі. Жұмыстар қауіпсіздікке жауапты адамның тікелей басшылығымен жүргізілуі тиіс пе?
2 СҰРАҚ:

Тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін алаңдар мен кеңістіктің жарықтылығы қауіпсіздік стандарттарының талаптарына сай болуы тиіс пе?
3 СҰРАҚ:

Тиеу-түсіру жұмыстары мен жүк көтергіш көліктердің жұмыс жасау аумағында осы жұмыстарға тікелей қатысы жоқ адамның болуына рұқсат па?
4 СҰРАҚ:

Қажет болған жағдайда опырылу мен жүктердің құлау қаупі бар аумақтарда адамдардың болуы мен транспорт құралдарының қозғалысына рұқсат па?
5 СҰРАҚ:

Егер басшы «жасау қажет!» десе. Ыдыстың жарамсыздығы, сонымен қатар, ыдыста ескертпе таңбалар болмаған жағдайда, ыдыс нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сай келмеген жағдайда қауіпті жүктермен тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге бола ма?
6 СҰРАҚ:

Қызметкер арнайы оқытудан, білім тексерісінен өтпеген және такелаж жұмыстары мен жүктерді тиеуге рұқсат куәлігі жоқ. Егер басқа адам жоқ болса, ол жұмыс жасай ала ма?
Тапсырманы орындап, форманы толтырыңыз! Сіздің бөлімшеңізден қаншалықты көп қатысушы форма толтырса, жеңіске деген мүмкіндіктеріңіз соншалықты көп болады.
Тиеу-түсіру жұмыстары жарақат алу қаупінің ықтимал көзі болып табылады.
ТИЕУ-ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
  • Қолданыстағы электр беру желісінің қорғау аймағында машиналарды (жебелі жүк көтергіш крандар, экскаваторлар, жүк тиегіштер және т.б.) қолдана отырып, құрылыс-монтаж жұмыстары жұмыс жүргізу қауіпсіздігі үшін жауапты адамның тікелей басшылығымен жүргізіледі.
  • Тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін үй-жайлар мен алаңшалардың жарықтандыруы қауіпсіздік стандарттарының талаптарына сәйкес келуі қажет.
  • Тиеу-түсіру жұмыстары орындарында және жүк көтергіш машиналар жұмыс істейтін жерлерде осы жұмыстарға тікелей қатысы жоқ адамдардың болуына тыйым салынады.
  • Жүктердің опырылуы және құлауы мүмкін жерлерде адамдардың болуына және көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
  • Егер ыдыстар белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеулері, ыдыстардың дұрыс болмауы, сондай-ақ онда таңбалау және ескерту белгілері болмаса, қауіпті жүктерге қатысты тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
  • Такелаж жұмыстарын немесе жүктерді тиеуді арнайы дайындықтан өткен, білімі тексерілген және осы жұмыстарды жүргізу құқығына куәлігі бар адамдар орындауы керек.
Сіздің жауаптарыңызды есептеп, бөлімшеңізді жеңіске жақындату үшін форманы толтыруды өтінеміз:
Аты-жөні
Құрылымдық бөлімше
БӨЛІСУ
Әріптестеріңізді қатысуға шақырып, бөлімшеңіздің жеңіске деген
мүмкіндігін арттырыңыз!