ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ

Электр тоғы жұмыста ғана емес, жалпы күнделікті өмірде кездесетін нәрсе.
Сіз электр тоғының салмағы мен массасы болмайтынын білесіз бе?
Тоқ соққан адамдар туралы алғашқы жазбалар б.з.д. 2750 жылдардағы египет жазбаларынан табылған. Барлығына кінәлі балықтар! Ия, балықтар! Әсіресе, электрлі жайын 360 Вольтқа дейін тоқ күшін бере алады. Су электр тоғын жақсы өткізеді, сондықтан найзағай кезінде шомылуға болмайды, суға түскен найзағай тоғына тап болуыңыз мүмкін.
Бүгін сіздерге «тоққа түспей-ақ» алуға болатын сабақ дайындап қойдық. Электр тоғымен жұмыс жасайтын мамандар өз білімдерімен бөліседі. Қайсысы көбірек келетінін таңдаңыз:
Жұмыстарды жүргізу кезінде барлық энергия көздерінің оқшауландырылғандығына көз жеткізу қажет және міндетті түрде жеке қорғаныс құралдары мен қорғаушы жабдықтарды пайдалану қажет.
ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ
  • Өндірістік қызметі электр қондырғылармен байланысты жұмыскерлер өз қызметтерін электр техникалық (электр технологиялық) персоналдың электр қауіпсіздігі жөніндегі топтарға сәйкес жүзеге асырады.
  • Қолданыстағы электр қондырғыларда жұмыстар наряд-рұқсатнаматы ресімдеу немесе өкім бойынша жүргізіледі.
  • Кернеуді түсіруді талап ететін жұмысқа жұмыс орнын дайындау үшін келесі іс-шаралар жүргізіледі:
1) қажетті өшірулер жүргізіледі және коммутациялық жабдықты қате немесе өздігінен қосудың алдын алу шаралары қабылданады;
2) қауіпсіздік плакаттары қол жетегі мен коммутациялық жабдықтың қашықтан басқару кілттеріне ілінеді;
3) адамдарды электр тоғының соғуынан қорғау үшін жерге тұйықталған тоқ жүретін бөліктерде кернеудің болмауы тексеріледі;
4) жерге тұйықталу орнатылады;
5) қажет болған жағдайда жұмыс орындары немесе кернеуі бар тоқ жүретін бөліктер қоршалады, қоршауларға қауіпсіздік плакаттары ілінеді. Жергілікті жағдайларға байланысты тоқ жүретін бөліктер жерге тұйықталғанға дейін немесе одан кейін қоршалады.
БӨЛІСУ
Әріптестеріңізді қатысуға шақырып, бөлімшеңіздің жеңіске деген
мүмкіндігін арттырыңыз!